28 жастағы келіншек ұсталған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жаңадан туған сәбиді сату дерегі тіркелді. Бүгінде бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, 28 жастағы тұрғын ұсталған.
"Әйел адам өзінің баласын Бұрлы ауданының екі тұрғынына сатып жіберген. Келіссөз жүргізілгеннен кейін оны полиция ұстады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға келмейді. Бүгінде әйел адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Қажет дәлелдер жиналады", - деді БҚО Полиция департаментінің өкілдері.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.