БҚО-да жоғалып кеткен ағайындылардың бірінің мәйіті өзеннен табылды

0
981

Өзен балалар жоғалып кеткен тұрғын үйден бір шақырым жерде орналасқан.


БҚО-да жоғалып кеткен ағайындылардың бірінің мәйіті өзеннен табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі баланың біреуінің мәйіті өзеннен табылды, - деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен брифингте белгілі болды. БҚО ТЖД бөлім басшысы Максим Хайркекенов 2014 жылы туған баланың мәйіті Орал өзенінің аңғарында сағат 11:00-де табылғанын мәлімдеді.

"Өзен балалар жоғалып кеткен тұрғын үйден бір шақырым жерде орналасқан. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Максим Хайркекенов.


Еске салсақ, 24 қазанда сағат 21:00-де Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жанама ауылында туған 2014 және 2017 жылғы екі баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 16:00-де балалар үйдің жанында ойнап жүріп, жоғалып кеткен.

Ақпарат түскеннен кейін іздестіру шаралары ұйымдастырылып, құтқарушылар, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылған. Оралдан іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен кинологиялық топ жіберілді. Жанама кенті мен жақын жатқан елді мекендердің аумағын аралап шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сондай-ақ осы аудандағы орман алқаптарын тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына 30-дан астам адам және 2 дана техника, құтқарушы, полиция, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен жақын маңдағы елді мекендердің 200-ге жуық тұрғыны жұмылған.