БҚО-да жоғалып кеткен малшы бір күннен кейін табылды

0
3 321

Ақшағыл қыстағында өз үйінен мал іздеуге сағат 15.00-де шыққан 1997 жылғы жігіт содан оралмаған.


БҚО-да жоғалып кеткен малшы бір күннен кейін табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында мал іздеуге шыққан тағы бір тұрғын адасып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Жаңақала ауданы Мәштексай ауылдық округінде орын алды.

Ақшағыл қыстағында өз үйінен мал іздеуге сағат 15.00-де шыққан 1997 жылғы жігіт содан оралмаған.

Бүгін таңертең сағат 8.15-тен бастап ТЖ қызметкерлері (3 адам, 1 техника) бір полицеймен, жергілікті атқарушы органдар (4 қызметкер, 2 техника) және тұрғындармен (16 адам, 4 техника) бірлесіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Соның нәтижесінде жоғалып кеткен жігіт сағат 13.00-де Жұбан қыстағынан аман-есен табылды.

Айта кеткен жөн, бұл жерде 1834-1923 жылдары өмір сүріп, мешіт ұстаған дін ғұламасы, есімі әулие ретінде құрметпен аталатын Жұбан молда Жүрдібекұлы жерленген. Жұбан ата қыстауының орны да жатыр. Қазіргі кезде Жұбан молда жерленген жерді киелі орындар қатарына енгізу көзделуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да мал іздеуге шыққан тұрғындардың адасып кеткенін жазған болатынбыз.