Білім министрі ШҚО оқушыларын сабақтан босатты

0
1 111

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев су тасқынына байланысты мектеп сабақтарының болмайтынын жеткізді, деп xабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Бүгінгі отырысты пайдаланып, xалыққа бір ақпарат жеткізгім келіп отыр. Су тасқынына байланысты бірқатар аудандарда, мәселен, Шығыс Қазақстанның бірнеше мектептерінде сабақ өткізбейтін болдық. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі", - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста министр білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы аталған бағдарламаға 445 мдрд теңге бөлінген. Бұл ақшаның 99,8 проценті игерілді.