Блогер Талғар әкімдігі тұрағындағы қымбат көліктерді көрсетті

0
717

Жақын жерде жүрген полицейлер болып жатқан оқиғаны үнсіз бақылап, заң бұзғандарды елемеді.


Блогер Талғар әкімдігі тұрағындағы қымбат көліктерді көрсетті

ERNUR.KZ. Видеоблогер Ринат Кибраев Талғар қаласы әкімдігінің маңындағы тұраққа барып, "халық қалаулылары" қандай көлікпен жүретінін көрсетті. Видео YouTube-тегі LIFE KZ арнасында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.


"Бұл олардың автопаркі. Біздің шенеуніктерді автомобильмен қамтамасыз етуге қанша миллион теңге жұмсалғанын көрейік. Қазақстан, әсіресе Талғар ауданы өркендеп келеді. Шенеуніктерге де жыл сайын жаңа көлік сатып алу керек", - дейді блогер.




Тағы бір видеода Кибраев Талғар әкімдігіне қарама-қарсы тұрақта қате қойылған автокөлікке назар аударады.

"Кейін біз оның жергілікті мәслихат депутаты екенін білдік. Жақын жерде жүрген полицейлер болып жатқан оқиғаны үнсіз бақылап, заң бұзғандарды елемеді", - делінген жазбаның сипаттамасында.