Блокпостағы көлік апаты: Сот отырысы кейінге қалдырылды

0
610

Азат Азаматовқа қатысты істі Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшекбаев қарайды.


Блокпостағы көлік апаты: Сот отырысы кейінге қалдырылды
ERNUR.KZ. Алматы облысында BMW көлігімен блокпосты қиратып, 2 полиция қызметкерінің өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты сот отырысы бір аптаға шегерілді, деп жазады ҚазАқпарат.Сот отырысы зардап шеккен тараптардың болмауына байланысты бір аптаға шегерілді. Айыпталушы Азат Азаматов та сотта болған жоқ. Техникалық ақауларға байланысты онымен тергеу изоляторынан бейнеконференция құру мүмкін болмады.

Еске салайық, Азат Азаматовқа қатысты істі Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшекбаев қарайды.

Алматы облысының прокуратурасы 28 мамырдағы жол апатына байланысты А.Азаматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталғаны туралы хабарлаған болатын. Оның іс-әрекетіне байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімімен (мас күйінде көлік айдап, екі немесе одан көп адамның қазасына әкелген жол апатын тудыру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

Оған дейін қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен классификацияланған болатын.

Еске салайық, 25 мамыр таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.

Ал зардап шеккен үшінші полицей жақында ауруханада есін жиып, ауруханадан шықты.

Кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық істің мән-жайын тергеуді Ішкі істер министрлігі өзіне алғанын мәлім етті.

Осы оқиғадан кейін Алматы қалалық Полиция департаментінің 9 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Үш лауазымды қызметкер жұмысынан босатылды.