Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

0
785

Арызды күдіктінің 20 жастағы өгей қызы 2022 жылғы қарашада жазған, бірақ бұл қазір ғана белгілі болған.


Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев өзінің 20 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 20 жастағы қыз 2022 жылдың қараша айында арыз жазған, алайда бұл қазір ғана белгілі болған.
Арызды күдіктінің 20 жастағы өгей қызы 2022 жылғы қарашада жазған, бірақ бұл қазір ғана белгілі болған. Аталған фактіге қатысты бірден 2 бап – "Зорлау" және "Бірнеше рет зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Тергеу барысында бірқатар сот-медициналық сараптама жасалып жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ, зардап шеккен тарап қорғауға алынды", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.