Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін заңды және негізді болғандықтан өзгеріссіз қалдырды.
ERNUR.KZ. Апелляциялық инстанция "Барыс" автобазары орналасқан жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімін күшінде қалдырды, деп жазады tengrinews.kz.
Баспасөз қызметі мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін заңды және негізді болғандықтан өзгеріссіз қалдырды.
Әңгіме Болат Назарбаевқа тиесілі "Барыс" автобазары орналасқан 37,6 гектар жер туралы болып отыр. 2004-2019 жылдар аралығында Қарасай ауданы мен Қаскелең қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ ауданның жер қатынастары бөлімі мемлекеттік жерлерді жекенің қолына бергені айтылды. Жер телімдерін сату-сатып алу бойынша барлығы жеті келісім-шарт жасалғаны айтылды.