Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, «конструктор» деп танылған автокөліктер елімізге жүріп тұрған күйінде кіргізілмеген.
ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифнгте Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев «конструктор» көліктердің заңдастырылмайтынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Конструктор» деп танылған автокөліктерді біз заңдастыру кезінде тіркеуге алмаймыз. Неге десеңіз, бұл көліктердің ешқандай құжаты жоқ. Бұл көліктер басында шекара арқылы Қазақстанға заңсыз кіргізілген. Сондықтан бұл көліктер тіркеуге жатпайды. Ал енді осы көліктерді алып келген және оны әрі қарай сатқан кісілер бұл көліктердің заңсыз екенін біледі», - деп мәлім етті Қайсар Сұлтанбаев.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, «конструктор» деп танылған автокөліктер елімізге жүріп тұрған күйінде кіргізілмеген. Олар бөлшектеліп әкелініп, кейін Қазақстанда құрастырылған. Ведомство дерегінше, қазір елімізде мұндай 5 мыңға жуық көлік бар.