Сатылуына тыйым салынды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда тыйым салынған есірткі, психотроптық преапарттар тізімі өзгерді. Бұл жайында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» өзінің №470 қаулысына өзгеріс енгізді.
Өзгерістер трамадол препаратына әсер етті. Енді оны арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.