Бүгін шетелдік байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

0
978

Халықаралық байқаушы институты ашылғаннан бері 34 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымнан 322 байқаушы ресми тіркеуден өткен.


Бүгін шетелдік байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

ERNUR.KZ. Бүгін, яғни 13 наурызда сағат 18.00-де шет мемлекеттер мен халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды, деп жазады baq.kz.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сағат 18.00-де шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталғанын мәлімдеді.

Бүгін сағат 18.00-де шетелдердің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімі толығымен аяқталды, - деді ол.

Әбдіровке комиссия отырысы кезінде Орталық сайлау комиссиясының аппараты қосымша ақпарат түспегені туралы ақпарат берді.

Орталық сайлау комиссиясының аппараты баяндағандай, жаңа өтініштер келіп түскен жоқ, - деп мәлімдеді ОСК төрағасы.

Бұған дейін шетелдік 322 байқаушы ресми тіркелгенін жазған едік.

Орталық сайлау комиссиясы хатшысы Мұхтар Ерман қанша шетелдік байқаушы тіркелгенін айтты.

Халықаралық байқаушы институты ашылғаннан бері 34 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымнан 322 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Қазір Сыртқы істер министрлігі 17 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымнан 473 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды, - деді ОСК хатшысы.