Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катерінің батып кетуіне байланысты тергеу басталды

0
463

24 адам құтқарылды.


Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катерінің батып кетуіне байланысты тергеу басталды

ERNUR.KZ. Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катері суға басып кету дерегі бойынша соталды тергеу басталды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Экипаждың кінәсі туралы қорытынды жасауға әлі ерте екені айтылды.

«Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу») бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл сараптама кеменің суға бату себептерін анықтайды. Осыдан кейін ғана қандай шешім қабылдау керек екені белгілі болады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катері суға батып кетті. Онда 24 адам құтқарылды.