Бұл жалпыұлттық карантин емес – Біртанов

0
859

Бұл бар-жоғы бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде мерекелік шараларды шектеу. Үйірмелерге, секцияларға және фитнес-орталықтарға баруға тыйым жоқ.


Бұл жалпыұлттық карантин емес – Біртанов

ERNUR.KZ. ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған бірқатар шаралар туралы айтылды. Бірақ Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жалпыұлттық карантин емес деп атап өтті, деп жазады zakon.kz.

"Жалпыұлттық карантин жоқ. Бұл бар-жоғы бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде мерекелік шараларды шектеу. Үйірмелерге, секцияларға және фитнес-орталықтарға баруға тыйым жоқ. Тек бұқаралық шараларға тыйым салынған. Қалғанының бәріне санитарлық режим қажет, залалсыздандыру жасалады. Біздің міндетіміз – вирустың таралуына жол бермеу", - деді Біртанов.

Ол ДДҰ-ның коронавирус жоқ елдерге арналған үш кеңесін атады: дайын болу, анықтай алу және таралуын азайту.

"Сондықтан тоқтату мүмкін жағдайда бұқаралық шараларды тоқтатып, жеке бас гигиенасына мән бергеніміз дұрыс", - деді спикер.

Сонымен бірге, ол ҚХР-да коронавирус пайда болғаннан бері Қазақстан азаматтары қолға алған алдын-алу шараларының арқасында елімізде маусымдық аурушаңдық деңгейі төмендегенін атап өтті.