Бурабайда полицей адам қағып, қашып кеткен

0
570

Полицей мас болған дейді куәгерлер.


Бурабайда полицей адам қағып, қашып кеткен

ERNUR.KZ. Бурабайда жылдамдықты шамадан тыс асырған тәртіп сақшысы адам қағып кеткен, деп жазады baq.kz.


Төлем терминалына барып, жолақысын төлеп тұрған кісі сол жерде көз жұмды.

Телеарна мәліметінше, соққының қатты болғаны сонша марқұм 40 метрдей ұшып, денесі бөлшектеніп кетіпті. Ал полицей оқиға орнынан із суытқан.

Нұрлан Жүнісов таңертең Макинск қаласына іс-сапарға кеткен. Ол – Көкшетаудағы электр желілері торабында бағаналар таситын жүк көлігінің жүргізушісі. Жолда көліктен түсіп төлем терминалына жол ақысын төлемек болып жақындағанда, жүйткіген көлік кеп соққан.

40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ал полицей қызметкері болса, соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған дейді, – дейді марқұмның қызы Маржангүл Нүкенова.