Бурабайда жоғалған ресейлік әйел бір тәуліктен соң аман табылды

0
726

Анықталғандай, 36 жастағы әйел тамыздың 31-де «Альтаир» қонақ үйіне жайғасқан.


Бурабайда жоғалған ресейлік әйел бір тәуліктен соң аман табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бурабай курортына демалуға келген ресейлік әйел бір тәуліктен соң аман табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел Бурабайға Ресейдің Омбы қаласынан демалуға келген.

«Анықталғандай, 36 жастағы әйел тамыздың 31-де «Альтаир» қонақ үйіне жайғасқан. Кешкі сағат 23:00 шамасында ол белгісіз бағытқа шығып кеткен. Іздестіру шараларына 43 адам тартылды, оның ішінде облыстық ТЖД жеке құрамынан 16 адам және 3 техника, Бурабай аудандық ТЖБ екі адам, аудандық полиция бөлімінен 10 адам, Lider.kz еріктілер ұйымынан 6 адам, 1 кинолог және бір иісшіл иті бар. Бір тәулік өткеннен кейін жоғалған әйел аман табылды», - деді ведомстводан.