Бұрынғы денсаулық министрі Біртановтың үкімі өзгеріссіз қалды

0
560

​Оған 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Бұрынғы денсаулық министрі Біртановтың үкімі өзгеріссіз қалды

ERNUR.KZ. Апелляциялық сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп жазады sputnik.kz.

2022 жылдың қазан айында сот экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үкім шығарды. Ол денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру процесінде өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Қараша айында бұрынғы министрдің адвокаттары үкімге апелляциялық шағым түсірген болатын.
Жұма күні қалалық соттың апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды. Үкімге бір жыл ішінде шағымдануға болады.
Сондай-ақ, сот экс-министр Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтен денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,35 миллиард теңге өндіруге міндеттеді.