Бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевтың соты өтетін күн белгілі болды

0
909

Сот процесінің бірінші отырысы 20 қазанда өтеді.


Бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевтың соты өтетін күн белгілі болды

ERNUR.KZ. Осы аптада елордада бұрынғы мәжілісмен, Ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлтаевтың соты басталады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сот кабинетінде" жарияланған ақпаратқа сәйкес, соттың бірінші отырысы 20 қазан күні өтеді. Әлтаев ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады.

Айта кету керек, биылғы маусым айында Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. 2020 жылдың желтоқсанында Нұржан Әлтаев Nur Otan партиясынан шығарылып, Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігінен айырылды.