Бұрынғы қорғаныс министріне қатысты іс Астана сотына түсті

0
724

20 ақпанда Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Бұрынғы қорғаныс министріне қатысты іс Астана сотына түсті

ERNUR.KZ. Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жолданды, деп жазады tengrinews.kz.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының баспасөз қызметі бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты іс материалдары сотқа түскені туралы ақпаратты растады.

"Бұл іс бойынша басқа мәлімет жарияланбайды", - деді әскери соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, биыл 19 ақпанында Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметіндегі әрекетсіздік дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған болатын

20 ақпанда Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.