БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді

0
568

4 шілдеде Антониу Гутерриш Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.


БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдерін аралайды, деп жазады sputnik.kz.

Антониу Гутерриш 29 маусымда Ташкентке, одан әрі Қырғызстанға, Қазақстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға барады.
"БҰҰ Бас хатшысы әр елдің мемлекет басшыларымен және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізіп, климаттың өзгеруіне қарсы жобалармен танысады, белсенді жастармен кездеседі", - деп жазылған хабарламада.
4 шілдеде Астанада Антониу Гутерриш Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып, сөз сөйлейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.
Саммит алғаш рет ШЫҰ+ форматында өтеді. Яғни, ұйымға мүше мемлекеттерден бөлек, бақылаушы елдер мен идеологиялық серіктестер қатысады. Оған 16 елдің мемлекет және үкімет басшылары келеді деп күтілуде.
ҚР ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев жалпы Астана полициясының барлық күші жұмылдырылғанын, бірақ елордаға кіруге тосқауыл қойылмайтынын айтты.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшыларымен құрылған халықаралық ұйым.