БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі тағайындалды

0
488

Ерлан Әлімбаев 1975 жылдың 6 қаңтарында Қызылорда облысында туған.


БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі тағайындалды

Мемлекет басшысы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілін тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ол Мемлекет басшысының өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Ерлан Әлімбаев 1975 жылдың 6 қаңтарында Қызылорда облысында туған.

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2017 жылы Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтын аяқтаған.

  • 1997-2000 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті, атташесі, үшінші хатшысы;
  • 2000-2004 жж. - ҚР-дың Үндістан Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы;
  • 2004-2006 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің кеңесшісі, бөлім бастығы, басқарма бастығы;
  • 2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі;
  • 2008-2010 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаменті директорының орынбасары;
  • 2010-2018 жж. - Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;
  • 2018-2019 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі;
  • 2019-2021 жж. - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  • 2021 жылы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.