Сонымен қатар ол квазимемлекеттік секторда 324 жемқорлық қылмысы анықталғанын, 160 лауазымды тұлға сотталғанын жеткізді.
ERNUR.KZ. Былтыр 1002 лауазым иесі сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, былтыр сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 2 мыңнан аса ұсыныстар енгізілді, 800-ден аса ұйымдастыру шаралары қабылданды, 63 нормативтік-құқықтық актіге өзгертулер енгізілді. Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша 3 мыңға жуық ұсынымдар енгізіліп, нәтижесінде 1 175 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қылмыстық-құқықтық шаралар нәтижесіне тоқталсақ, 1 717 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, оның жартысынан астамы парақорлық фактілеріне тиесілі. 1002 лауазым иесі сотталды. Адамдардың кең шоғырының қатысуымен болған жүйелік жемқорлық ең қауіпті болып тұр. Есепті жылда осындай 112 факті анықталды. Келтірілген шығын сомасы 24,6 млрд теңгені құрап, 22,7 млрд теңгесі өтелді», - деді агенттік басшысы 2019 жылдың қорытындысына арналған агенттіктің алқа мәжілісінде.
Сонымен қатар ол квазимемлекеттік секторда 324 жемқорлық қылмысы анықталғанын, 160 лауазымды тұлға сотталғанын жеткізді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, алқа мәжілісінде Алиек Шпекбаев жемқорлық туралы хабарлағандарға берілетін ең жоғары сыйақы 10,6 млн теңге болатындығын мәлім етті.