Былтыр АИТВ жұқтырған 30 әйел дүниеге сау бала әкелген

0
494

Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырған әйелдерге ана болудан бас тартудың қажеттілігі жоқ деп отыр.


Былтыр АИТВ жұқтырған 30 әйел дүниеге сау бала әкелген

ERNUR.KZ. Былтыр АИТВ жұқтырған 30 жүкті әйел дүниеге 31 сау нәресте әкелген, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Астана қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеуші дәрігері Л. Әбілова «АИТВ-ның анадан балаға жұғуының алдын алу жолдары» тақырыбында өткен семинар-тренингте мәлімдеді.

Дәрігердің айтуынша, АИТВ-ның анадан балаға берілуі – медицина саласының кез келген маманының алдындағы жауапты мәселе.

Мамандарымыз осындай кездесулерде пікір алмасып, тәжірибе бөлісе отырып, АИТВ-мен тіркеуде тұрған аналарымызға сәби сүю мүмкіндігін тудыра отырып, өмірге келетін нәрестелердің сау болып туу жолдарын көбейтуді көздеуде. АИТВ жұқпасының анадан балаға берілуі көбінде науқастардың дәрігерлерінің кеңесіне құлақ аспаудан және диагноздың анықталған уақытына тікелей байланысты. Кейбір жағдайда болашақ аналар қойылған диагнозға сенбейді. Сол себепті емдеу шараларын ертерек бастауға кедергілер туындайды, - деп атап өтті дәрігер.

Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырған әйелдерге ана болудан бас тартудың қажеттілігі жоқ деп отыр.

Бірлесіп атқарған жұмысымыздың нәтижесінде бала туу жасындағы әйелдерде контрацепция әдістерін қолдану арқылы ана болу мүмкіндігін сыйладық. Соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде АРТ арқасында Астана қаласында АИТВ-мен ауыратын әйелдерден 200-ге жуық сау бала дүниеге келген. Бұл елімізді АИТВ инфекциясын анадан балаға жұғудан бос мемлекет атағын алуға зор ықпал етеді, - деді Л. Әбілова.