Бюджеттен еріктілер жұмысына жылда 3,7 миллиард бөлінетін болады

0
1 302

Енді қоғамға түрлі пайдалы іспен айналысатын еріктілерге мемлекет тарапынан ақша төленетін болады.


Бюджеттен еріктілер жұмысына жылда 3,7 миллиард бөлінетін болады

Биылдан бастап ерікті жастардың жұмысына мемлекет тарапынан ақша төленетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жайлы Шымкентте жастармен кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді.

"Енді сіздер 2 кредиттен 5 кредитке дейін еріктілік жұмысымен айналыса аласыздар және бұл жұмыспен айналысқандарыңыз үшін мемлекет сіздерге қаржы төлейтін болады. Яғни, әртүрлі қоғамға пайдалы жұмыс істеу болып табылады. Бұл үшін 3,7 миллиард қаржы қарастырылып отыр. Жыл сайын 3,7 миллиард қарастырылатын болады. Жалпы 2025 жылға дейін республикалық бюджет 22 миллиардты осы шараға қарастырып отыр. Биыл бізге 4 ай ғана қарастырылғандықтан, 250 миллион теңге бүгін Сенаттан шығып жатса, біз қыркүйектен бастап еріктілермен жұмыс істей бастаймыз", - дейді министр.