Құдалардың қулығы: Храпунов пен Әблязовтың Қазақстаннан жымқырған миллиондары табылды

0
1 276

Америкалық басылымдар, бүгінде Храпуновтың заңсыз ақшасын игеруге Дональд Трамптың бизнес серіктесі Феликс Сатер қол ұшын созғанын жарыса жазып жатыр. Ол Храпуновқа Нью-Йорктегі Trump Soho ғимаратында жалпы құны 40 миллион доллар тұратын үш пәтерді сатып алуға көмектесіпті.


Құдалардың қулығы: Храпунов пен Әблязовтың Қазақстаннан жымқырған миллиондары табылды

фото: newtimes.kz

Виктор Храпуновтың отбасы Қазақстаннан жымқырған 120 миллион долларын Кипрдегі Танзания банкінің бөлімшесінде сақтағаны белгілі болды. АҚШ –тың құзырлы органдары Храпунов БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен бірігіп мемлекеттен жымқырған миллиондаған долларды осы күдікті қаржы ұйымы арқылы заңдастырғанын растайтын құжаттарды тапқан,-деп хабарлайды ERNUR KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Танзаниялық FBME банкі 120 миллион долларды заңдастыруға көмектесіпті. Бұл былықтар АҚШ-тағы сот материалдарынан белгілі болды. Швецарияда шалқып өмір сүріп жатқан Храпунов пен БТА Банктің бұрыңғы басшысы Әблязовтың миллиардары алдымен оффшорға түсіп, кейін FBME деп аталатын атышулы танзаниялық банк арқылы мұхит асқан. Қос құданың құйтырқы жоспарын жүзеге асыруға жөні түзу банктер келіспеген сыңайлы. Ал, былтыр жұмысын тоқтатқан танзаниялық банк клиенттерінің көбі – қылмыстық топтар мен жемқор саясаткерлер екен.

Америкалық басылымдар, бүгінде Храпуновтың заңсыз ақшасын игеруге Дональд Трамптың бизнес серіктесі Феликс Сатер қол ұшын созғанын жарыса жазып жатыр. Ол Храпуновқа Нью-Йорктегі Trump Soho ғимаратында жалпы құны 40 миллион доллар тұратын үш пәтерді сатып алуға көмектесіпті.

АҚШ-тың құзырлы органдары кәсіпкерлер мен қаржы ұйымы арасындағы электронды жазбаларды айғақ ретінде келтіріпті.

АҚШ –тың ақпарат құралдарына сенсек, ерлі-зайыпты Храпуновтар Қазақстаннан қашқанда, ресейлік чартерлік ұшаққа қымбат картиналар, зергерлік бұйымдар мен құнды заттарын толтырып әкетіпті.

Жалпы, бұл отбасы 2003 пен 2007 жыл аралығында Швейцария мен оффшорлық банктерге 48 млн. доллар мен 8 млн. еуроға жуық қаражат аударған екен. Соған қармастан, Виктор Храпунов отбасымен бірге шетелде кәсібін дөңгелетіп, Швейцарияда тұрып жатыр.