​Даниал Ахметов: Қазақстандық өнімдерді пайдаланбаған зауытқа қолдау көрсетілмейді​

0
1 234

Семейде отырып алып, Ресейдің бюджетін неге толтырып отырсыздар? Ресейдің сапасыз өнімін тасығанша мына Өскеменнің Аблакеткасында тұрған зауытпен неге қарым-қатынас жасамайсыздар?


​Даниал Ахметов: Қазақстандық өнімдерді пайдаланбаған зауытқа қолдау көрсетілмейді​

ERNUR.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі «Полимер бұйымдары» зауытын аралады, деп жазады Алтайньюс.

Зауыттың жеке ірі сауда дүкені бар. Мұнда полиэтиленнен арнайы құбырлар мен фитингтер дайындалады. Даниал Ахметов зауыт дүкенінде сатылып жатқан арматуралардың Ресейдің Челябинск қаласынан әкелінетіндігін естіп қатаң ескерту жасады.

- Ана бір тұрған кран, задвижка, клапан тағы басқа су құбырына қажетті дүниелерді, мына арматураны неге Ресейден әкеліп отырсыздар? Бұл заттар Өскеменде де жасалады. Семейде отырып алып, Ресейдің бюджетін неге толтырып отырсыздар? Ресейдің сапасыз өнімін тасығанша мына Өскеменнің Аблакеткасында тұрған зауытпен неге қарым-қатынас жасамайсыздар? Өзімізде дайындалатын өнімдердің 25 жылдық кепілдігі бар, өте сапалы. Егер Қазақстандық өнімдерді пайдаланбасаңыздар, онда біз де сіздерге қолдау көрсетпейміз. Қазақстанда жасалатын өнімдер пайдаланылмаса бұған тиым салу керек. Энергетика, құрылыс басқармалары бұны назарға алыңыздар. Серік Қасымбекұлы, Өскемен мен Семейдегі барлық құрылыс компанияларының басшыларын жинап, отандық арматураның сатылуын қамтамасыз етулеріңіз керек. Өскеменде арматураның барлық түрі жасалады, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.