Даниал Ахметов коронавирустың екінші толқынына дайын екенін айтты

0
826

Тамыз айына қарай жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге оттегі концентраторлары, мониторлар, пульсоксиметрлер, ӨЖЖ және рентген аппараттары түріндегі қосымша жабдық алынатынын айтты.


Даниал Ахметов коронавирустың екінші толқынына дайын екенін айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, қауіпті індеттің қыркүйек-қазан айларында келетін екінші толқынына толық дайын екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Облыстық мәслихат сессиясы барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Бірінші кезекте, коронавирус инфекциясын таратпау бойынша сұрақтар қаралды. Бүгінгі таңда облыстың кейбір аудандарында эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр, алайда біз инфекциялық төсек орын санын 1886-ге дейін, провизорлық төсек орын санын 2423-ге дейін арттыру бойынша барлық шараларды қабылдадық. Барлық медициналық мекемелерде реанимациялық төсектер ашылған, тамыз айына қарай біз жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге оттегі концентраторлары, мониторлар, пульсоксиметрлер, ӨЖЖ және рентген аппараттары түріндегі қосымша жабдық аламыз. Біз барлық дәрігерлерімізді жұмысқа тарттық, күнделікті дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні біздің барлық медицина қызметкерлері арнайы киіммен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Біз қыркүйек-қазан айларында келетін екінші толқынға толық дайынбыз", - дейді Даниал Ахметов.