Даниал Ахметов өтірік айтқан мектеп директорын жұмыстан қуды

0
822

Мектепті аралау кезінде әкімге қосалқы нысанда балалар оқып жатқаны хабарланған, алайда жаңа корпус әлі пайдалануға берілмеген болып шықты.


Даниал Ахметов өтірік айтқан мектеп директорын жұмыстан қуды

ERNUR.KZ. Өскемендегі Согра шағын ауданындағы №23 мектептің директоры жалған ақпарат бергені үшін қызметінен босатылды, деп жазады sputniknews.kz.

Тұрғындардың тығыз шоғырлануына байланысты бұл білім шаңырағында бала саны белгіленген мөлшерден асып кеткен. Сондықтан қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданған еді.

"Мектепті аралау кезінде маған қосалқы нысанның іске қосылғандығы, ол жерде балалар оқып жатқандығы туралы ақпарат жеткізілді. Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңа корпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты", - дейді Даниал Ахметов.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша тексеріс жүргізілген. Өкінішке қарай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ, әлі қолданысқа берілмеген болып шыққан.

"Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті аталмыш мектеп директоры қызметінен босатылды, ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды", - деп атап өтті Даниал Ахметов.