Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына жауап берді

0
1 376

Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев онлайн-конференция кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына жауап берді, -деп хабарлайды Zakon.kz.


Данияр Ақышев  Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына жауап берді

Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев онлайн-конференция кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына жауап берді, -деп хабарлайды Zakon.kz.

"Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Елбасының сыны өте әділ. Ұлттық Банк қаржы секторындағы қиындықтарды шешуде кешеуілдеп қалды» -деді ҰБ төрағасы.

Ақышевтың айтуынша, қазақстандық банктерде жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды бірден шешу қиын болды.

«Енді ол қиындықтар қайталанбайды деген үміттемін. Біз Ұттық Банктің бақылаушы функцияларын күшейтетін заң жобасын әзірлеп жатырмыз»,-деп нақтылап кетті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет қаржыға мұқтаж банктердің «штанын көтере беруге» міндетті емес екенін айтқан еді.