Данияр Ақышев жұмыс орнында отыр – Айдос Үкібай

0
1 137

Тергеу шаралары жүргізіліп жатқан жоқ.


Данияр Ақышев жұмыс орнында отыр – Айдос Үкібай

ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, Данияр Ақышев жұмыс орнында отыр, оған қарсы ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ, деп жазады Zakon.kz.

"Данияр Ақышев жұмыс орнында отыр. Таңертең жұмыста болған... ...Ешқандай қылмыстыс, ондай ештеңе жоқ. Тергеу шаралары жүргізіліп жатқан жоқ" - деді Айдос Үкібай.

Бұған дейін Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Данияр Ақышев 2015 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың ақпанына дейін Ұлттақ банкті басқарған. Сәуірде ҚР Тұңғыш Президентінің көмекшісі болып тағайындалған.