Дәрігер мен емханаға қатысты шағымдарды Smart Astana қосымшасымен жолдауға болады

0
1 115

Қосымшаға емхана және медицина қызметкеріне қатысты өз ұсыныстар мен пікірлерді қалдыруға болады.


Дәрігер мен емханаға қатысты шағымдарды Smart Astana қосымшасымен жолдауға болады

ERNUR.KZ. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барлық өтініштер мен ұсыныстарды зерттеп, әр мәселенің дұрыс шешілуін қарастырады, деп жазады Елорда Инфо.

«Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында барлық қалалық ауруханалар мен емханаларда халықпен кері байланысты жақсартуға және халықтың медициналық көмекпен қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған арнайы жоба жүзеге асырылуда», - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ емхана және медицина қызметкеріне қатысты өз ұсыныстар мен пікірлерді қалдыруға болады.

«Ол үшін арнайы QR кодты сканерлеп, сұрақтарға жауап беріп және пікірлеріңізді қалдыру жеткілікті. Барлық деректер Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ахуалды орталығына жіберіледі. Бұл медициналық ұйымның және белгілі бір дәрігердің тұрғысында медициналық көмектің немесе сапа деңгейін online жүйесінде талдауға мүмкіндік береді», - деп жазды К.Надыров.