30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайы туралы мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
Басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ирина Тасмағамбетованың айтуынша, стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың жағдайы тұрақты.
“1 тамызда түскен екі пациенттің бірінің жағдайы орташа деңгейде ауыр, ал екінші баланың жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де бөлімшеде”, – деді ол.э
Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған.