Дәрігерлер қыздардың пәктігі туралы ақпаратты білуі керек – Денсаулық сақтау вице-министрі

0
475

Бұл – медициналық тексеріс кезіндегі қалыпты процедура.


Дәрігерлер қыздардың пәктігі туралы ақпаратты білуі керек – Денсаулық сақтау вице-министрі

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник дәрігерлер жас қазақстандықтардың "вирго" дәрежесі жайлы білуі керек деп есептейді, деп жазады stan.kz.

Вице-министрдің айтуынша, бұл – медициналық тексеріс кезіндегі қалыпты процедура.

“Егер студенттердің гастрит, уролития сынды басқа диагнозы жазылған ақпарат тараса, мұндай мәселе туындар ма еді? Дербес деректерді сақтау туралы заң болғанымен, тексеру жүргізу стандарты да бар. Егер әйел жыныстық қатынасқа түссе, флораға, жыныстық инфекцияларға талдау жасап, контрацепция әдістерін талқылау керек. Бұл дәрігердің құзыретіне кіреді. Дәрігер оны науқастың амбулаториялық картасына жазып, тіркеуге тиіс. Бұл анамнезді жинаудың стандарт процедурасы”, – деді вице-министр.

Вице-министр дәрігерлер жыныстық жолмен берілетін аурулар, туберкулез, онкологиямен ауыратындардың да тізімін жүргізетінін атап өтті. Мұндай ақпарат азаматтар үшін де маңызды.

“Сіз бізге бұл деректерді жинамауды, тексермеуді ұсынып тұрсыз ба? Біз суперақпараттандыру кезеңінде өмір сүріп жатырмыз және бұл мәліметтер дербес деректер туралы заңмен қорғалуы керек”, – деп нақтылады Дудник.

Ол сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі "пәк қыздардың" тізімін жалпы чатқа салып жіберген медбикенің жағдайынан хабарсыз екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚазҰУ-дағы "пәк қыздар" тізімі жарияланып, жанжал туғаннан кейін ведомство қажетсіз тізімдерді, оның ішінде қазақстандықтардың интимдік статусын сұраудан бас тартуға ниетті екенін мәлімдеген.

Ал Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха "пәк қыздар" тізімі жарияланғанда дербес деректер туралы заң бұзылғанын айтқан еді. Ол зардап шеккен студенттер өтініш жазса да, жазбаса да қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейін студенттердің жеке деректерін таратқан адам медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды.