​Дәрігерлер өңешіне жержаңғақ тұрып қалған баланы аман алып қалды

0
1 408

1 жастағы Альтаир жержаңғақтық түйірін жұтып, тыныс алуы күрт қиындаған


​Дәрігерлер өңешіне жержаңғақ тұрып қалған баланы аман алып қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік дәрігерлер жержаңғақ өңешіне тұрып қалған баланы құтқарып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында оқыс оқиға тіркелді. Бар болғаны 1 жасқа толған Альтаир жержаңғақтық түйірін жұтып, тыныс алуы күрт қиындайды. Көмекке санавиация шақырылды.

"Балам жаңғақ жұтып, жағдайы нашарлап кетті. Жедел жәрдем шақырып, көмек сұрадым. Кейін санавиация тобындағы арнайы мамандар келіп, ота жасады", - деп жазды баланың анасы Индира Данабаева.

Аудандық ауруханадан түскен шақырудан соң дәрігерлер жолға шықты. Алайда сол күні санавиация ауа райына байланысты ұша алмады. Дәрігерлер 500-600 шақырым қашықтықта жатқан ауданға шығып, медициналық көмек көрсетті. Себебі, сәбидің тыныс алу жүйесіне бөгде зат тұрып қалып, өміріне қауіп төндіре бастады.

"Баланың жағдайы нашарлап, жөтеліп, дауысы шықпай қалған. Ұйықтататын дәрі егіліп, бронхоскопия жасалды. Жаңғақ түйірі өңештің тең жартысын жауып қалған екен. Кедергі келтірген жаңғақ алынып тасталды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.