Мекеме басшылары ақшаны қызметкерлердің шотына аударып, кейін оны қайта жинап алып отырған.
ERNUR.KZ. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс орталығындағы №7 емхананың басшыларын ұстады. Дәрігерлер қоластындағы медқызметкерлерден ақша жинап келген, деп жазады aikyn.kz.
Аталған қаржы пандемия кезінде жұмыс істеген дәрігерлер мен медперсоналға үстемақы ретінде берілуі тиіс болған. Алайда, мекеме басшылары ақшаны қызметкерлердің шотына аударып, кейін оны қайта жинап алып отырған.
«Емхана басшыларының үстінен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- делінген хабарламада.