Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады

0
1 965

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқаны хабарланған болатын.


Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқаны хабарланған болатын.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева қаңтар айының басынан бері парламентке келмеді.

Ол 5 қаңтар күні мәжілістің отырысына қатыспады. Дариға Назарбаева 11 қаңтарда президент жаңа премьер-министрдің есімін жариялағанда да (онлайн режимде) көрінбеді. 12 қаңтарда өткен мәжіліс отырысында да болмады.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып жұмыс істеп келеді. Комитет басшысы Альберт Рау бұған дейін ол еңбек тәртібін бұзбағанын және тек дәлелді себептермен жұмыста болмағанын хабарлады.