Дариға Назарбаева жекеменшік балабақша мұғалімдерінің жалақысын көтеруді сұрады

0
488

Мәжіліс депутаты үкіметке депутаттық сауал жолдады.


Дариға Назарбаева жекеменшік балабақша мұғалімдерінің жалақысын көтеруді сұрады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жекеменшік балабақшалар мұғалімдерінің жалақы деңгейіне байланысты депутаттық сауалмен Премьер-Министр Асқар Маминге жүгінді, деп жазады zakon.kz.

Биыл 10 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, атап айтқанда, оларды қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қатысты мәселені көтерген.

Сіздің депутаттық сауалға берген жауабыңызға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдау үшін: салық төлеуден босату; шығындарды жабу мүмкіндігін жасау мақсатында бару фактісінсіз мемлекеттік тапсырысты тапсыру; жалақыға үстемақы төлеу сияқты пәрменді шаралар қабылдады. Нормативтік қаржыландыру көлемінде жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі мәселесі бар облыстардың әкімдіктері ағымдағы жылғы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жіберді. Алайда республикалық бюджеттен тиісті ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген жоқ.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын:

1. Не үшін бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді? «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 44-VII Заңы)

2. Ағымдағы қаржы жылында жоғарыда көрсетілген облыстарға қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр ма?

3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жан басына нормативтік қаржыландыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерге қажеттілігінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады ма?

"ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес Сізден депутаттық сауалды қарау туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймын, деді Дариға Назарбаева.