Енді алдағы 4 жылда Велоспорт федерациясын бизнесмен Нұрлан Смағұлов басқарады.
ERNUR.KZ. ҚР Велоспорт федерациясының басшысы ауысты, деп жазады baq.kz.
Осыған дейін бұл ұйымды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Калетаев атқарып келген. Енді алдағы 4 жылда бұл федерацияны бизнесмен Нұрлан Смағұлов басқарады.
Елордада Велоспорт федерациясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған федерацияның барлық мүшесі қатысып, жаңа президентке бірауыздан дауыс берді.
Нұрлан Смағұлов Forbes Kazakhstan тізімінде еліміздегі 50 бай азаматтың арасында оныншы орында тұр.
Нұрлан Смағұлов - «Астана Моторм» компаниясы, MEGA сауда орталығы желісі мен Алматы қонақ үйі бар «Astana Group» тобының жалғыз иесі. Кәсіпкер - Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы, «Атамекен» ұлттық палатасы төралқасының мүшесі.