ДДСҰ басшысы еліміздегі медициналық қызмет сапасына жоғары баға берді

0
469

Қазақстан 2009-2020 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласының тиімділігі индексінде өз нәтижесін жақсартты.


ДДСҰ басшысы еліміздегі медициналық қызмет сапасына жоғары баға берді

ERNUR.KZ. Елордада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференцияда баяндама жасаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктеріне тоқталды, деп жазады inform.kz.

«Қазақстан 2009-2020 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласының тиімділігі индексінде өз нәтижесін жақсартты. Яғни, Қазақстан индексте 39-орыннан 72-орынға шықты. Бұл нәтижелер кейбір Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Он жылдағы нәтижелер іс жүзінде екі есеге өсті. Сондай-ақ, Қазақстан қысқа мерзімде өмір сүру ұзақтығының артуы тұрғысынан ең жақсы көрсеткіштерге жетті», - деп тоқталды Тедрос Гебрейесус өз баяндамасында.

Қоса кетсек, аталған конференцияға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды.