Денис Тен туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

0
2 135

Бұл фильмнің идея авторы марқұм Денис Теннің өзі болатын.


Денис Тен туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

ERNUR.KZ. Алматыда Денис Тен туралы деректі фильм («Денис Тен – Величайшее шоу») прокатқа шықты, деп жазады altaynews.kz.

Бұл фильмнің идея авторы марқұм Денис Теннің өзі болатын. Ал оператор және режиссерлік жұмысты оның досы Ханзат Кеңес атқарды.

Фильмде спортшының «Денис және достары» атты мұзайдындағы шоуына дайындық барысы баяндалады. Бұл шоудың 2018 жылы 9 маусымда Астанада өткені баршаға белгілі.

Айта кетейік, фильм үлкен экраннан 3 наурызға дейін Bekmambetov cinema кинотеатрында көрсетіледі. Түскен қаражат Денис Тен атындағы қорға аударылады.

Туынды өзге өңірлерде көрсетіле ме? Интернет желісіне қашан шығады? Бұл жағы әлі белгісіз.