Денис Тенді өлтірді деген күдікті өз қылмысын мойындады

0
1 497

Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы.


Денис Тенді өлтірді деген күдікті өз қылмысын мойындады

ERNUR.KZ. Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің есімін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұсталған күдіктінің аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Ведомство мәліметінше, ол қылмысын мойындады.

Осыған дейін дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.