Денсаулық министрлігі: 5400 теңге тұратын мобильді бригада қызметі халыққа тегін болады

0
1 214

Емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар, коронавирус симптомы бар және пневмониямен ауырғандарды, сондай-ақ стационарда емделіп шыққан науқастарды бақылайды.


Денсаулық министрлігі:  5400 теңге тұратын мобильді бригада қызметі халыққа тегін болады

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанынан құрылатын мобильді бригадалардың қызметі халыққа тегін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл (мобильді топтар) – халыққа тегін көрсетілетін жедел жәрдемнің жаңа қызметі. Мемлекет әр шақырту бойынша МӘМС (Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру) қоры арқылы төлейтін болады. Олар науқастармен байланыста болғандардан және симптомы барлардан COVID-19-ға ПТР-тест алады.

Емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар қызметі - коронавирус симптомы бар және пневмониямен ауырғандарды, сондай-ақ стационарда емделіп шыққан науқастарды бақылау.

Сонымен бірге мобильді топтар созылмалы ауруы бар адамдарды, жүкті әйелдер мен балаларды үйінде бақылайтын болады. Мобильді бригадалардың қызмет төлемін Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры жүргізеді. Әр шақырту үшін емханаларға 5400 теңге аударылады. Мобильді топтардың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да керек-жарақпен қамтамасыз етіледі», - делінген министрліктің мәліметінде.

Еске сала кетсек, кеше ақылы жедел жәрдемнің өз жұмысын бастағаны туралы жазған болатынбыз.