Денсаулық сақтау министрі шымкенттік Айна Бакееваның видеоүндеуіне жауап берді

0
1 499

Реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын.


Денсаулық сақтау министрі шымкенттік Айна Бакееваның видеоүндеуіне жауап берді

ERNUR.KZ. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz.


"Бұл видео белсенді түрде таратылып жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу мен асқынулардың болжамына түсініктеме беріп, біздің азаматтарды емдеуден бас тартуға шақырады... Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер өз пікірін білдіріп жатыр", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.


"Айтылған сөздерге қатысты қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын түсіну өте маңызды. Бұл танылған, дәлелденген әдістер. Отандық ғылым қайраткерлері, клиницистер осы тәсілдерді әзірлеп жатыр. Инфекционистер немесе біздің пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер осы препараттарды қалай қолдануға болатынын, қандай дозада, асқынулар қайда, тәуекелдер қайда, қарсы көрсетілімдер қайда екенін біледі. Яғни бәрі осы препараттарды жеке қабылдауға байланысты. Бұл препараттар көптеген пациенті емдеп, оларды аурудан жазды және дәрігердің клиникалық хаттамаларда көрсетілген нақты тағайындауын пайдалану өте маңызды", - деп түсіндірді ол.

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігермен байланысуға тырысқанын, бірақ әзірше барлық әрекет сәтсіз болып шыққанын айтқан. Ведомство оның барлық ұсынысын талқылау үшін реабилитологпен кездесуді жоспарлап отыр.

Мұның алдында реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеуін жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұрады.