Депутат бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады

0
429

Бала күтімі бойынша жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз, дейді депутат.


Депутат бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айжан Сқақова бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ана мен бала, олардың денсаулығы мен әл-ауқаты бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен, бірінші фактор – бала күтімі бойынша жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз! Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы: бірінші балаға 16 802 теңгені, екінші балаға – 19 865 теңгені, үшінші балаға – 22 898 теңгені, төртінші және одан артық балаға – 25 961 теңгені құрайды. Бұл бір балаға күніне 560 теңгеден 865 теңгеге дейін жұмсалады деген сөз. Ал қамаудағы бір адамның тамағына 1 018 теңге қарастырылған. Баланың анасына жәрдемақыда ақша қарастырылмаған!», - деді депутат Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, жәрдемақыларға қатысты рәсімдердің көптігі, оларды әкімшілендірудің күрделілігі сыбайлас жемқорлық схемаларын тудырады. Сондай-ақ азаматтарды заңсыз әрекеттерге итермелейді. Мысалы, АӘК жағдайында адамдар отбасының табысын азайту мақсатында ата-аналардың жалған ажырасуы сияқты және т.б. жәрдемақы алудың схемаларына жүгінеді.

Бұдан бөлек А. Сқақова осал топтағы қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімсіздігі мәселесіне тоқталды.

«Қолда бар мемлекеттік бағдарламалардың жеткіліксіз екенін түсіну керек. Өйткені олар барлық қазақстандықтарға жарамайды. Олар ең болмағанда орташа табысы бар адамдарға арналған», - деді депутат.