Біз бәріміз коронавирустан қорқамыз, бірақ әлемдегі барлық пневмонияның ішінде COVID тек 4-5 пайыз, ал қалған 95 пайызы басқа тектес.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева коронавирустан қорғану үшін пневмококқа қарсы вакцина салуды ұсынды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Пневмококк инфекциясы балалар мен қарттарда жиі кездеседі. Инфекция негізінен ауа тамшылары арқылы тарайды. Біз бәріміз коронавирустан қорқамыз, бірақ әлемдегі барлық пневмонияның ішінде COVID тек 4-5 пайыз, ал қалған 95 пайызы басқа тектес. Атап айтқанда, пневмококк. Пневмококқа қарсы вакцина 65 жастан асқан барлық адамға салынуы керек. Ал 19 жастан асқан адамдарға – қант диабеті, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы аурулары болған жағдайда", - деді депутат.
Ол Қазақстан 2010 жылдан бастап балаларға пневмококк инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялауды кезең-кезеңімен бастағанын атап өтті.
"Үкімет қаулысына сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация екі ай, төрт ай және 12-15 ай жасында үш рет жүргізіледі. (... ) Осыған байланысты құрметті Асқар Ұзақбайұлы, әлеуметтік сақтандыру қорын қаржыландыру есебінен тұрғындарды шұғыл вакцинациялау мәселесін қарастыруды сұраймыз", - деді ол.