Депутат кейбір қазақстандықтардың зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуді ұсынды

0
648

​Оның айтуынша, қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғау саласында қордаланып қалған проблема көп.


Депутат кейбір қазақстандықтардың зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуді ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов қауіпті және зиянды өндірісте істейтін жұмысшылардың, яғни шахтерлер мен металлургтердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғау саласында қордаланып қалған проблема көп. Соның кесірінен жұмысшылардың жағдайы нашарлап барады. Әсіресе, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл тақырып қауіпті және зиянды өндірісте істейтін шахтерлер, металлургтер мен тағы басқа мамандық иелері үшін өте өзекті.
"Еңбек және халықты қорғау министрлігі жұмысшылардың құқығын қорғауда белсенді позицияны ұстануға тиіс деп санаймыз. Олар еңбек заңнамасына толығымен ревизиция жүргізіп, еңбек ететін қазақстандықтардың мүддесіне қайшы нормаларды түзетуі керек. Бүгінде капитал еңбекті жеңді. Корпорациялар мен олигархтардың пайдасы жүздеген мың кенші, металлург, құрылысшының денсаулығынан, өмірі мен мүддесінен маңыздырақ болып шықты", - деді Смайылов вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.
Айтуынша, жеке-дара қарастыратын мәселенің бірі – зиянды және қауіпті өндіріс жұмысшыларының, ең алдымен, шахтерлер мен металлургтердің зейнет жасын төмендету.
"Біз бұл мәселені талай рет көтердік. Бірақ үкіметтің осы проблемаға қатысты позициясын әлі түсіне алмадық. Еңбек министрлігі тек формализммен айналысады, мәселені шешуге қауқары жоқ жұмыс топтарын құрады. Сондықтан бұл мәселені үкіметтік деңгейде қарау керек", - деді депутат.
Бұл ретте мәжіліс депутаттары зейнет жасын 55 жасқа дейін түсіруді ұсынып отыр.