Депутат және Amanat филиалының басшысы жол апатына ұшырады

0
767

Жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан малды басып кеткен. Осыдан кейін рөлді тізгіндей алмай қалған ол 8 және 16 жастағы кәмелетке толмаған екі бала мінген мотоциклмен соқтығысқан.


Депутат және Amanat филиалының басшысы жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында Amanat партиясы филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты жол апатына ұшырады, деп жазады tengrinews.kz.

Ақпаратты Amanat партиясы Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі растады.

Биыл 2 шілдеде Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара-Доскей тасжолында жол апаты болғаны белгілі болды.

"Nissan көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Amanat партиясы Бұқар жырау аудандық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Анара Бозаева тізгінде болған. Бұл ақпаратты ол өзі растады", - деді партияның Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі өкілдері.

Анара Бозаеваның көлік жүргізу тәжірибесі көп екені хабарланды.

"Айта кетейік, ол қазір еңбек демалысында. Қарағанды облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, нәтижесінде барлық кінәлілер заңда белгіленген тәртіппен жазаланады", - деді Amanat партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі өкілдері.

Фото

Айта кетейік, Ekaraganda мәліметінше, жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан малды басып кеткен. Осыдан кейін рөлді тізгіндей алмай қалған ол 8 және 16 жастағы кәмелетке толмаған екі бала мінген мотоциклмен соқтығысқан.

"Оқиға салдарынан жасөспірімдер әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факт полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Толық және объективті соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.