Депутаттар Алматы әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды

0
676

Өтініш Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жіберілді.


Депутаттар Алматы әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің отырысында "Қазақстан халық партиясы" фракциясының депутаттары Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды, деп жазады Stan.kz.

"Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасының жалғасы ретінде, алматылықтардың бастамасын қолдай отырып, Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз", - деді депутат Ерлан Смайылов. Мәжілістің жалпы отырысында.

Өтініш Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жіберілді.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында бірнеше облыстың құрылғанын мәлімдеп, Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгертуді қолдаған болатын.