«Депутаттық - ведьманың сиқыры емес»: Елшібаева праймеризге түсіп жатқан Құралай ханымды сынап тастады

0
1 048

Депутат- халық қалаулысы. Халық қалаулысы блогерлікпен күнін көріп жүрген жас блогерлерге ақшасын беріп дауыс жинамайды.


«Депутаттық - ведьманың сиқыры емес»: Елшібаева праймеризге түсіп жатқан Құралай ханымды сынап тастады

ERNUR.KZ. Дәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева жұрт арасында Құралай ханым деген атпен танымал болып жүрген блогер-психолог Құралай Ошақбаеваны сынап тағы бір пост жазды, деп жазады Skifnews.kz.

Әншінің жазуынша, «әп-сәтте байлыққа кенелтем» деп түкке тұрғысыз кеңесін сататын Құралай Ошақбаева праймеризге қатысып, депутат болуға бағын сынап көрмек секілді. Сол үшін өзі секілді жалдамалы блогерлерге хабарласып, «ақшасын төлеймін, жақсылап пост жазып берші!» деп жалынып жүргенге ұқсайды.

«Бұл Құралай Ошақпаеваның «мені «Нұр Отанға» депутаттыққа жарнамалашы» деген кезекті айласы. Блогерлерге жалынып реклама жасайды дегені рас болды ғой. Құралай Ошақпаева, «миллионмен кетіп бар жатырмын» деп жар салушы едің, оларға дауысың өтпей қалды ма? Бәрін сатып аламын деп ойлайсың ба? Билікке саудагерді жолатсаң, үкіметті сатып жібереді деуші еді. Бәрін ақшаға сатып аламын деген ой тек саудагердің ойында ғана болады. Мемлекет басына депутаттыққа сендейлер барса, мемлекет мүлкін талан-таражға түсіреді ғой. Адал еңбек, маңдай тер, абырой қайда қалды?», - деп жазған ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар ол Ошақпаева ханымға биік мінбердің ұсақ-түйекті тықпалап, арзан сөзін өткізе беретін жер емес екенін ескерткен.

«Депутаттық - байып кетесің деп, діни сауаты аз қазақтың қыздарына сататын үйінің берекесін кетірген феншуйдың заттары, ведьманың сиқыры, Әбжаттың плагиаты емес. Депутат-халықтың мұңын үкіметке жеткізуші көпір болып саналады.

Депутат- халық қалаулысы. Халық қалаулысы блогерлікпен күнін көріп жүрген жас блогерлерге ақшасын беріп дауыс жинамайды. Халық қалаулысын өзі-ақ көтереді есіңде болсын. Адамда көрге дейін өзімен бірге баратын, бойында сатпайтын, сатылмайтын екі дүниесі болады.Ол білімі мен өнері. Құралай ханым, білімің жетпесе, ақшаға сатып аламын деп, өзің сияқты депутатыққа түсіп жатқан, елім деп шырылдайтын, нағыз білімді, қазақтың жастарының жолын кеспе. Қазақстанның болашағы білімді, еңбекқор жастардың қолында.

«Адал жүріп, шын сөйле, асығың түсер алшыдан», - деген сөз қалған ұлылардан. Адал жүріп шын сөйлей алмайтын болсаң, мен қазақ әйелдерінің көзін аштым деп елді алдама!»,- деп ойын білдірген.