Димаш Құдайберген Қазақстан туризмінің елшісіне айналды - Kazakh Tourism

0
1 813

Димаш өзіне ғана емес, өзінің Отаны Қазақстанға деген құрметті туғызады.


Димаш Құдайберген Қазақстан туризмінің елшісіне айналды - Kazakh Tourism

ERNUR.KZ. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев әнші Димаш Құдайбергеннің жетістігі Қазақстанның туризмін қалай көтеріп жатқанын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген қазірдің өзінде Қазақстан туризмінің елшісіне айналды. Өткен жылы елімізде өте сәтті «Димаш-тур» шарасы өткізілген еді. Біз әлемдегі Димаштың ең белсенді фан-клубтарының өкілдерін шақырдық. Тур шартты түрде - «Димаш тур» және «ААА» деп аталды. ААА дегеніміз - Ақтөбе, Астана және Алматы. Бұл шара өте ауқымды қызығушылық тудырды. Құдайға шүкір, Димаш шыңға шығып келеді. Оның сағат сайын әлемде абыройы артып келе жатқаны қуантады. Димашқа ғашық адамдар көп. Яғни, Димаш өзіне ғана емес, өзінің Отаны Қазақстанға деген құрметті туғызады», - дейді дейді «Спутник Қазақстан» баспасөз орталығында өткен брифинг барысында «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Еске сала кетсек, аталмыш брифингте Нұр-Сұлтанда «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалы өтетіні хабарланған болатын. Байқау 2 мамырда елордадағы Номад-холда өткізілмек.

Биылғы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының арнайы жобасы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен танымдық роликтер жиынтығы жасалады. Бұл көркем, қысқа фильмдерде өңірлік турдың жеңімпаздары өз өңірінің туристік мүмкіндіктерін көрсетеді. Мысалы, «Өскемен аруы» бірегей Рахман қайнары туралы, «Ақтөбе аруы» «Үйтас» табиғи ескерткіші жайлы, «Шымкент аруы» «Ақ мешіт» үңгірі туралы әңгімелеп береді.