Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа жеткізіледі

0
938

Димаштың жазылған микрочип марсқа 2021 жылы жетеді.


Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа жеткізіледі

Өзінің ерекше даусымен әлемді мойындатқан танымал әнші Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа жеткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жариялады.

"30 шілде күні шығыс уақыты бойынша сағат 07:50-де жаңа астробиолог ол жақта бұрын өмір болғандығы туралы деректерді жинау үшін Марсқа ұшып, сол жақта сегіз ай тұрақтайды", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Димаш Құдайбергеннің аты жазылған отырғызу талонын АҚШ, Түркия, Ресей сынды елдер ұсынған.

"Мені әрдайым барлық жерде қолдап жүретін тыңдармандарыма алғыс айтамын. Біздің есіміміз жазылған микрочиптер марсқа 2021 жылы жетеді", - деді ол.